Ақтаудағы емханада жатқан барлық шетелдік еліне оралды
30 желтоқсан күні Маңғыстау облыстық көпбейінді емханада әзербайжан азаматтарының екінші легін қазақстандықтар шығарып салды. Ақтау қаласына таяу жерде апатқа ұшыраған ұшақта болған Лейла Омарова, Муслимат Сираджова мен Хафизат Халаева жансақтау бөлімінде алты күн жатқан. Қазақстандық дәрігерлер олардың емделуіне бар күш-жігерін салды.
«Үшеуінің де жағдайының динамикасы нашарлаған жоқ, 1 науқас механикалық вентиляциядан, вазопрессордан және дәрілік седациядан шығарылды. Ал екеуінде вазопрессорлардың дозасы минималды дозаларға дейін төмендетілген», – деп хабарлады облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Әзербайжан азаматтарын алып кетуге арнайы ұшақ келген.
Емханада алты күн бойы 29 шетел азаматы емделді. 29 желтоқсан күні қырғыз азаматтары Тилек Осмонов, Эрлан Джунушуалиев, Ринат Асановты туысқандары еліне алып кетті. Асанов реанимацияда емделген.
Бұған дейін де Ресей мен Әзербайжан борттары өз азаматтарын алып кеткен еді. Өкінішке қарай, қазақстандықтар тірі қалған жоқ.