Антикор 2024 жылы түрлі салада тендерге бөлінген 55,1 млрд теңгені бюджетке қайтарды
Антикор мемлекеттік және квазимемлекеттік секторлардағы мемлекеттік сатып алуларды тексеріп, бюджет қаражатын былтыр едуәір үнемдегенін хабарлады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі «Бірыңғай сатып алу терезесі» ақпараттық жүйесі сүзгі ретінде қолданылуда. Жоба нәтижесін беріп жатыр.
Былтыр 55,1 млрд теңге қазынаға қайтарылды. Жоспарлы баға төмендетіліп, сатып алынатын тауар саны артты.
Петропавл қаласында сыбалйас жемқорлыққа қарсы қызмет қаражатты үнемдеуге ықпал етті. Теледидар мұнарасына арналған жарықдиодты жабдықты монтаждау жұмысы төтенше жағдай талабына сай рәсімделген. Келісімшарт заңсыз екені анықталды. 230 млн теңге бюджет қаражаты сатып алуға жұмсалынбады.
Қарағанды облысында мамандандырылған музыкалық мектеп-интернат жоғары бағамен тауарды сатып алуды көздеген. Мекеме 18 мың бөтелке ас сірке суын алмақ болған. Бірақ бір бөтелке бағасы 300 теңге болғанымен, оның құны 500 теңгеге көтерілген. Антикор шартты бұзғызды. 9 млн теңге бюджетке қайтарылды.
Қызылорда облыстық филармония 300 қабырға суретін сатып алуды жоспарлаған. Агенттік сурет салуға жұмсалатын 48 млн теңгені саудаға салынудан тоқтатты. Бір қабырға суреті 20 000 теңге деп есептеліну тиіс болған. Алайда картина бағасы 160 мың теңгеге өсті. Осыған байланысты мекеме 42 млн теңгені артық төлейтіні белгілі болды.