2025 жылы мұнай бағасы барреліне 65 долларға дейін арзандауы мүмкін
2025 жылы мұнай беррелінің орташа бағасы 65 долларды құрауы мүмкін. Өйткені ОПЕК ұйымына кірмейтін елдер мұнай өндірісін арттырып жатыр. BofA (Bank of America Corporation) осындай болжам жасаған. Қазір Brent маркалы мұнай нарықта барллеріне 77,41 доллардан саудаланып жатыр.
Қаржы холдингінің сарапшылар ОПЕК ұйымының құрамындағы мемлекеттер биыл мұнай өндірісін шектеуге мәжбүр болады деп тұжырымдайды. Ұйымға кірмейтін елдердің өндірісті арттыруы ОПЕК-ке қысым тудырады. Мамандардың пайымдауынша, мұнай тұтыну көлемі тек 2030 жылға қарай тұрақтануы ықтимал.
Қазақстан бюджет жоспарындағы мұнай бағасы
Мұнай бағасының арзандауы да, ОПЕК ұйымының мұнай өндірісін шектеу мерзімін ұзартуы да Қазақстан үшін тиімді емес.
Қазақстан бюджетінің пессимистік жоспарында мұнай бағасы биыл барреліне 60 долларға дейін арзандауы мүмкіндігін қарастырады. Дегенмен сарапшылар мұнайдың 70 долларға дейін арзандауының өзі ел бюджетіне ауыр соғатынын айтады. Өйткені ел қазынасы мұнайдан түсетін салыққа тәуелді.
Мәселен 2024 жылдың 11 айында бюджетке табыс салығы мен корпоративті табыс салығынан 8 трлн теңге түседі деп жоспарланған еді. Алайда іс жүзіне 5,8 трлн теңге салық жиналған. Мұнай арзандаса, бюджетке түсетін қаржы да азаяды.
Екіншіден, егер ОПЕК мұнай өндірісін шектеу мерзімін ұзартса, бұл Қазақстанның Теңіз кен орнын кеңейтіп, мұнай өндірісін арттыру ниетімен сай келмей қалады. Бұған дейін Bloomberg басылымы 2025 жылы Қазақстан мен OPEC+ арасында мүдделер қақтығысы шиеленісе түсетінін жазған.
Қазақстан биыл мұнай өндірісін 97,2 млн теңгеге жеткізуді жоспарлап отырғанын мәлімдеген. Алайда бұл мәлімдемеден кейін, ОПЕК+ өндіріс саясатына ірі өзгерістер енгізілді. Соған сәйкес, ұйымға мүше елдер 2025 жылы да мұнай өндірін қысқарта тұруға мәжбүр.