Түркістанға Қостанайдан, Қарағандыдан және Астанадан ұшатын ұшақтардың саны артты

Жарияланды (жаңартылды )
14 жасқа дейінгі балаларға әуекомпаниясы 50% жеңілдік қарастырып отыр/фото: KursivMedia мұрағаты

Киелі жерге барып, тәу етіп қайтқысы келетіндер үшін Түркістан жақындай түсті. Көлік министрлігі Түркістан бағытында әуе рейстері көбейгенін хабарлады.

QAZAQ AIR 4 қаңтардан бастап Қостанай – Түркістан бағыты және 13 қаңтардан бастап Қарағанды – Түркістан бағыты бойынша екі субсидияланатын әуерейсін іске қосты.

13 қаңтардан бастап Астанадан Түркістанға әуе сапарлары басталмақ. Ондағы мақсат – әуе сапарларының қолжетімділігін арттыру және ішкі туризмді дамыту.

Көлік министрлігінің ақпаратына қарағанда, Қостанайдан Түркістанға ұшақтар аптасына екі рет – дүйсенбі және сенбі күндері ұшады. Бұл әуе рейстерінің әлеуметтік маңызы бар. Сондықтан арнайы субсидия бөлініп отыр. Құны бір бағытта – 31 мың теңге.

Қарағанды-Түркістан рейсі аптасына 2 рет ұшады. Бағасы бір бағытқа 20 мың теңге деп белгіленіп отыр.

Ал Астанадан Түркістанға ұшу да жиіледі. Астаналықтар енді аптасына 2 рет дүйсенбі және сәрсенбі күндері Түркістанға ұша алады.

Бұл әуе рейстерінде 14 жасқа дейінгі балаларға әуекомпаниясы 50% жеңілдік қарастырып отыр.

Сондай-ақ оқыңыз