Өзбекстан 2027 жылдан бастап пластик пакеттерге тыйым салмақ
Өзбекстанда 2027 жылдан бастап пластик пакеттерді өндіруге, импорттауға және пайдалануға тыйым салу ұсынылып отыр. Оның орнына экологиялық қауіпсіз – биологиялық тұрғыдан шіритін пакеттер қолданылмақ.
Gazeta.uz cайтының хабарлауынша, бұл ұсыныс 2025-2027 жылдарға арналған пластиктердің қоршаған ортаны ластауын қысқарту жөніндегі мемлекеттік бағдарламалар жобасында көрсетілген.
Бағдарламада пластик орағыш тауарларды өндірушілер мен импортерларды пайдаланынған өнімдерді жинау және утилизациялау үшін арнайы қабылдау орындарын ашуды міндеттеу жоспарланған. Немесе пластик орамдар үшін утилалым төлейді.
Жоба биыл қоғамның талқысына салынбақ.
Сонымен қатар, құрамында зиянды химиялық заттары бар пластик бұйымдарды пайдалануға шектеу қойылады. Қайта өңделген пластикті пайдалану үшін коэффициенттерді міндетті түрде қорабында көрсету талабы қойылады.
Құжат жобасы 2025 жылдың қыркүйек айында дейін әзірленіп, қараша айында Министрлер кабинетіне жіберілуі тиіс.
Қазіргі кезде 100-ге жуық мемлекет бір рет қана пайдаланылатын пластик пакеттерге толық немесе жартылай тыйым салған. 2010-2019 жылдары пластиктен бас тартуға бағытталған бағдарламалар үш есе көбейген.
2027 жылы Қырғызстан да пластик пакеттерден бас тартқалы отыр.