2025 жылы Қытай, Өзбекстан, Түрікменстан шекарасында орналасқан 9 өткізу бекеті жөндеуден өтеді
Үкімет 2025 жылы Қытай, Өзбекстан, Түрікменстан шекарасында орналасқан 9 бақылау-өткізу пунктін жаңғыртуды көздеп отыр. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.
«Қазақстанда автокөлік өткізу пункттерін толыққанды жаңғыртылып жатыр. Бүгінгі таңда Қытай, Өзбекстан және Түрікменстан шекарасындағы 9 бақылау-өткізу пунктін жаңарту көзделген», – делінген үкімет хабарламасында.
Жөндеу жұмыстар жүргізілгеннен кейін, бекеттердің өткізу мүмкіндігі тәулігіне 6 есе артады. Осының нәтижесінде әр пункт орта есеппен 170-тен 960 көлікке дейін өткізіп отырады. Бұл көліктердің шекарадан өту уақытын 30 минутқа кейін қысқартуға мүмкіндік береді. Жоспарланған 9 өткізу бекетін жаңғырту жұмыстарын осы жылы толық аяқтау жоспарланып отыр.
Бақылау-өткізу пункттеріндегі жұмыстардың біршама жеңілдеуіне автоматтандырылған электронды кезек жүйесі енгізілуі оң әсер етті. Қазіргі таңда Еуразия экономикалық одақтың сыртқы шекарасы бойынша барлық 10 автомобильдік шекара бекеттері осы жүйеге қосылған. Бұл жүйе бойынша кезекке тұру үшін «Qoldau.kz» платформасында және «CargoRuqsat» мобилді қосымшасына пайдалану қажет.