«Нұрбанк» директорлар кеңесінен үш адам шығып кетті

Жарияланды
Business News бөлімінің аға тілшісі
Нурбанк
6 қаңтарда «Нұрбанк» АҚ директорлар кеңесінің құрамы өзгерді/ Фото: nurbank.kz, бильд-редактор: Дастан Шанай

«Нұрбанк» АҚ директорлар кеңесі құрамынан үш адам шығып кетті. Олар – Элиза Қозыкеева, Аслан Талпаков и резидент емес тұлға Искандер Вахитов.

Директорлар кеңесі 6 қаңтарда шешім қабылдады.

Қазіргі уақытта кеңес мүшелігінде Эльдар Сәрсенов и Рүстем Қамалеев қалды. Қазақстан қор биржасындағы мәлімет бойынша кеңестен кетіп қалған үшеуі өз еркімен шыққаны белгілі болған. Олар екі ай ғана қызмет атқарды.

Нұрбанк 1992 жылдан бері жұмыс істейді. Бұған дейін банкті Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немересі Нұрәлі Әлиев басқарған.

1 қазандағы жағдай бойынша қаржы ұйымының 86,42%-ы бизнесмен Эльдар Сәрсеновке тиесілі JP Finance Group-қа үлесінде. Қалған 5,87%-ы COLLECTION COMPANY компаниясына тиесілі. Компанияның негізін қалаушы – қазақ жазушысы Әзілхан Нұршайықованың қызы Жаннат Нұршайықова.

Желтоқсан айында ҚНРДА «Нұрбанк» акционерлік қоғамына 2,2 млн теңге айыппұл салды. Банк қаржылық және мүліктік операциялар туралы мәлімет бермеген.

Сондай-ақ оқыңыз