Shell және Chevron компаниялары «Мұғалжар» жобасы бойынша геологиялық барлауды бірлесіп жүргізеді

Жарияланды
Кен орнына геологиялық барлау мақсатында Shell және Chevron тізе қоса қимылдамақ/ фото: «ҚазМұнайГаз» ҰК сайтынан

Shell және Chevron компаниялары геологиялық барлау жұмысын бірлесіп жүргізбек. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасенов тиісті келісімшартқа қол қойды.

Іскерлік кездесуге Shell-дың Қазақстандағы төрағасы Әли Әл-Жанабимен және Chevron корпорациясы Еуразиялық бөлімшесінің басқарушы директорының орынбасары Дилан Морган қатысты.

Келісімшарт бойынша екі компанияға геологиялық ақпаратты пайдалану құқығы беріледі. Асхат Хасенов бұл қадам шетелдік инвестицияны тартуға әсер ететінін айтты.

Негізгі нысана –  Мұғалжар кен орнын зерттеу. Бұған дейін ұлттық компания басшысы геологиялық барлау жұмысына стратегиялық серіктестер тартылатынын хабарлады. Соның ішінде «Мұғалжар» жобасы басты назарда тұрғанын айтты.

Жоба бойынша Мұғалжар, Оңтүстік Мұғалжар және Солтүстік Мұғалжар жер қойнауы учаскелері барланады. Белгіленген аумақтардан көмірсутектерді іздеу көзделген.

Былтыр «ҚазМұнайГаз» геологиялық зерделеуге қазақстандық және шетелдік компаниялар тартуды жоспарлап, серіктес ұйымдарға қойылатын талаптарды жариялады.

Айта кетейік, елдегі жер қойнауының 24%-ы ғана зерттелген.

Сондай-ақ оқыңыз