«Бозащы мұнай» компаниясы бірнеше айға созылған өрт үшін мемлекетке 2 млрд шығын өтейді

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Пожар "БузачиНефть"
«Бозащы мұнай» компаниясы кен орнында бірнеше айға созылған өрт үшін мемлекетке 2 млрд шығын төлейді / Фото: Gov.kz

Бизнесмен Мұрат Сафинге тиесілі «Бозащы мұнай» компаниясы метан қалдықтарынан келген экономикалық залал үшін мемлекетке 2,2 млрд теңге төлеуге міндеттелді. Бұл туралы Маңғыстау облыстық прокуратурасы хабарлады.

Қадағалау актісін өңірдің табиғатты қорғау прокуратурасы жария еткен. Желтоқсан айының ортасында «Бозащы Мұнай» 270 млн теңге төлеген. Қалған бөлігін Энергетика министрлігінің келісімімен бөліп төлеуі қажет.

Бұған дейін Маңғыстау облысының прокуратурасы компанияға экологиялық нормаларды бұзғаны үшін 362 млн теңгеге айыппұл салған. Бұл сома толығымен өтелген.

Оңтүстік Қаратұрын кен орнындағы өрт 2023 жылдың 9 маусымында басталған. Алты айға созылған апат желтоқсан айында өшірілді. BBC Verify ұсынған спутник суреттеріне сәйкес, атмосфераға 127 мың тонна метан шығарылғанын көрсетті. 

2024 жылдың қаңтарында аймақ әкімдігі жоспардан тыс тексеру бастап, экологиялық заңнама талаптарының бұзылғаны анықталды. Ауадағы лас заттардың концентрациясы 480 есе артып, мұнай өнімдерінің топырақтағы үлесі 168,13 мг/кг асып кеткені анықталды.

Мамыр айында «Бозащы мұнай» Маңғыстау облысындағы Теңіз Қаратұрын және Шығыс Қаратұрын кен орындарында көмірсутектерді барлау мен өндіруге арналған келісімшарт шеңберінде 23 ұңғыманы бұрғылау жоспары туралы мәлімдеді. 

«Бозащы мұнай» компаниясының жалғыз иесі кәсіпкер Мұрат Сафин. Ол соңғы рет 2013 жылы Forbes қазақстандық миллиардерлерінің тізіміне 82 млн (49 орын) доллар байлығымен енгізілген. Осыдан кейін рейтингке енбеген.

Сондай-ақ оқыңыз