Ресейдің Жоғарғы соты алғаш рет ақпарат құралын террорлық ұйымдар тізіміне енгізді

Жарияланды
РФ Коми Республикасы туралы жазатын басылымды қара тізімге қосты/ фото: kursiv.media архивінен

Ресейде алғаш рет ақпарат құралын террорлық ұйым қатарына жатқызды, деп жазды DW. РФ-ның федеральды қауіпсіздік қызметі «Пост-Ресейдің еркін мемлекеттерінің форумына» енген 172 ұйым тізімін жариялаған.

Форум Ресейді 41 шағын мемлекетке бөлуді үгіттеген.

2024 жылдың 22 қарашасында РФ Жоғарғы соты осыған байланысты шешім шығарды. Террорлық ұйым қатарына Komi Daily басылымы енгізілді.

Жоғарғы сот шешімі 28 желтоқсанда күшіне енді.

Komi Daily форумға енгенін жоққа шығарды.

«Енді не істеу керектігін құқық қорғаушылармен ақылдасып жатырмыз. Ең алдымен, біз сізді қорғағымыз келеді. Ал біз, әрине, жұмысты жалғастырамыз», – деп жазылған 11 қаңтар күні басылым телеграм-арнасында.

Редакция Коми Республикасы туралы жазады. Komi Daily ақпаратын жариялап отыратын Лана Пылаева және Таня Чупрова өздерінің шетелде тұратынын, ең бастысы тәуелсіз медиақұрал ретінде жұмыс істеп жатқандарын айтқан.

Сондай-ақ оқыңыз