Йеменде жанар-жағармай құю бекеті жарылып, кемінде 15 адам мерт болды

Жарияланды
Йеменде бірнеше жанармай бекеті жарылып, адамдар қаза тапты/ фото: aa.com

Йеменнің Әл-Байда қаласында жанар-жағармай бекеті (АЗС) жарылды. Соның салдарынан 15 адам өліп, 65 адам жарақат алды. Бұл жөнінде шетелдік ақпарат құралдары жазды.

Оқыс оқиға Әз-Захир ауданында болған. Нысан айналасындағы автокөліктер жанар-жағармай толтыртын станция мен қоймалар да бірінен соң бірі жарылды. Қазіргі уақытта ауруханаларға жеткізілген 40 адам ауыр халде жатыр.

Билік мұның себебін тексеретінін мәлімдеді. Йеменде болған оқиға туралы басқа ақпарат жоқ.

2024 жылы 31 тамызда Йеменнің оңтүстігіндегі Аден қаласындағы жанармай құю бекеті дәл осылай отқа оранып, бес адам қаза тауып, 10 адам жараланды.

Сондай-ақ оқыңыз