АҚШ санкциясы қазақстандық мұнайды да қыспаққа ала ма?
АҚШ өз компанияларына Ресейдегі мұнай, мұнай өнімдерінің өндірісімен айналысатын кәсіпкерлерге жұмыс істеуге тыйым салды. Мұның бәрі санкциялық шектеулерге байланысты болып тұр. Тек Каспий құбыры консорциумы (КҚК), «Теңізшевройл» және «Сахалин-2» жобасымен жұмыс істеуге рұқсат берген.
Аталған компаниялармен мұнай сервисі және мұнай тасымалдау қызметі аясында бірлесіп жұмыс істеуге болады. АҚШ Қаржы министрлігінің OFAC құжатына сәйкес, рұқсат 2025 жылдың 28 маусымына дейін жарамды
КҚК Қазақстан батысындағы мұнай орындары мен ресейлік кен орындарының Каспий қайраңында Новосібірдегі теңіз терминалымен байланыстырады. Маршрут ұзындығы 1511 шақырымға жетеді. Дәл осы бағыт арқылы Қазақстаннан шығарылатын мұнай көлемінің 80%-ға жуығы тасымалданады яғни қазақстандық мұнай үшін басты экспорттық маршрут деп есептеледі. Бұл маршрут Қазақстан аумағынан жылына 72,5 млн тонна мұнайды және Ресей аумағынан 83 млн тонна мұнайды тасымалдауға ниетті. 2024 жылы 64,4 млн тонна мұнай тасымалданған.
КҚК акционерлері: Ресей Федерациясы (Транснефть (MOEX: TRNF) бақылайтын 24%, баланста 7%) – 31%, Қазақстан (Қазмұнайгаз – 19% және Kazakhstan Pipeline Ventures LLC – 1,75%) – 20,75%, Chevron Caspian Pipeline Consortium Company – 15%, LUKOIL International GmbH – 12,5%, Mobil Caspian Pipeline Company – 7,5%, Rosneft-Shell Caspian Ventures Limited – 7,5%, BG Overseas Holding Limited – 2%, E.A.ni. Н.В. – 2% және Oryx Caspian Pipeline LLC – 1,75%.
Қазақстанда Теңіз кен орнымен айналысып жатқан «Теңізшевройл» акционерлері де бірнешеу. Олардың қатарында Chevron (50%), ExxonMobil Kazakhstan Ventures Inc (25%), ҚазМұнайГаз» (20%), және «ЛУКОЙЛ» (5%) бар. Теңіз – Қазақстандағы ең ірі мұнай орындардың бірі, қара алтын қоры 3,1 млрд тоннаны құрайды. 2024 жылдың қаңтар-маусымында ол жерден 14,4 млн тонна мұнай алынған. Бұл 2023 жылдың І жартыжылдығымен салыстырғанда 3,4%-ға аз.
Ал «Сахалин-2» жобасы аясында Пильтун-Астох және Лунское кен орындары өндіріліп жатыр. «Сахалин-2» жобасының зауыты 2009 жылы ақпанда пайдалануға берілді, 2010 жылы толығымен жобалық қуатына шықты (жылына 9,6 млн тонна). Бұл жобаны «Газпром», Mitsui және Mitsubishi басқарады.