Ташкенттің символдарының бірі саналатын «Чорсу» қонақүйін бұзып жатыр

Жарияланды
Коллаж: KursivMedia, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Ташкентте екі онжылдық бойы бос тұрған «Чорсу» қонақүйін бұзу жұмыстары басталды. Белгілі ғимараттың орнында жаңа көпқабатты қонақүй салынады деп жазады gazeta.uz.

Қараша айында Ташкенттің бір символы саналатын ғимаратты бұзу туралы шешім қабылданғаны хабарланған.

«Газета.uz» басылымының мәліметінше, 1982 жылы салынған 23 қабатты қонақүйдің орнына 29 қабатты жаңа қонақүй тұрғызылады. Ол Чорсу алаңының жаңа сәулеттік нышанына айналып, бизнес-орталықтар мен тұрғын үйлерден тұратын кешеннің бір бөлігі болады.

Ташкенттегі  «Чорсу» қонақүйі 1982 жылы ашылып, қаланың басты символдарының біріне айналған. Алайда арада жиырма жыл өткенде қонақүй жөндеуге жабылып, қолдан қолға өткен. 2020 жылы нысанды БАӘ-ге тиесілі  Ittihad International Investment LLC  компаниясы сатып алғаны хабарланды. Екі жылда үлкен инвестиция салып, кемі үш жұлдызды етіп ашуға тиіс болған инвестор да қонақүйде құрылыс жұмыстарын бастамады. Енді нысан толықтай сүріліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз