ҚНРДА 4 коллекторлық агенттіктің жұмысын тоқтатты

Жарияланды
Шымкенттегі 4 агенттік коллекторлар тізімінен шығарылды / Фото:

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Шымкент қаласындағы Өңірлік өкілдер басқармасы бастығының бұйрығымен 4 ұйым коллекторлық агенттіктер тізімінен шығарылды. Олар: «Jibek Group» ЖШС,  «Samuryk» ЖШС, «Церера» ЖШС және «ААА-Status» ЖШС.

Бұған соңғы он екі ай ішінде аталған агенттіктер коллекторлық қызметпен айналыспағаны себеп болып отыр.

«Коллекторлық агенттіктер тізілімінен шығару туралы хабарламаны алған күннен кейін отыз күн ішінде өз атауынан «коллекторлық агенттік» деген сөздерді, олардан туындайтын, өзін коллекторлық қызметті жүзеге асырады деп болжататын сөздерді алып тастау арқылы қайта тіркеу рәсімін жүргізуге міндетті», – деп жазылған хабарламада.

Ал бес күн ішінде берешекті өндіріп алу туралы шарт негізінде берілген борышкерлері мен хабардар етуге міндетті. 

Бұған дейін Алматы қаласындағы Өңірлік өкілдер басқармасы осы тәрізді төрт агенттікті тізілімнен алып тастаған еді. Олар туралы мына жерден оқуға болады.

Сондай-ақ оқыңыз