Қаскелеңдегі құрылыс қоймасындағы өрт сөндірілді
Жарияланды
(жаңартылды )
Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы облысы Қаскелең қаласындағы құрылыс қоймасынан шыққан өрт сөндірілгенін хабарлады.
«Қабылданған шаралардың арқасында өрт алдын ала 500 ш.м. алаңда сөндірілді» делінген министрлік мәлімдемесінде.
Өртті сөндіруге қою түтін мен көптеген материалдың тез жанғыштығы кедергі келтірген.
Қойма Қаскелеңдегі «Жер ана» базарының маңында орналасқан. Базар әкімшілігі қойма базар аумағына кірмейтінін мәлім етті.