Оңтүстік Корея президенті ұзақ қарсылықтан кейін қамауға алынды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Оңтүстік Кореяның президенті прокуратураға шақырылды
Оңтүстік Кореяның президенті қамауға алынды / Фото: коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Оңтүстік Кореяның президенті Юн Сок Ёль ұзақ қарсылықтан кейін резиденциясынан шығарылып, Сыбайлас жемқорлықты тергеу бюросына жеткізілді. Бұл туралы Yonhap порталы хабарлады.

Президент қамауға алынбас бұрын қысқаша видеоүндеу жазып, өз ұсталуының заңсыз екенін тағы да айтты. Елде қан төгілмес үшін полицияға берілгенін алға тартты.

Қаңтардың басында мемлекеттің басшысын ұстау әрекеті тергеушілер мен президенттің жақтастары арасында шиеленіске ұласқан еді. Юн Сок Ёльдің жүздеген жақтастары резиденцияға кіру жолын бөгеп, ал президенттің қауіпсіздік қызметі бұл аумақтың қорғалатын мәртебесін алға тартып, тергеушілерге кіруге рұқсат бермеген еді. Бес сағатқа созылған қақтығыстан кейін, ордерді орындау уақытша тоқтатылды.

Еске сала кетсек, желтоқсан айының басында Юн Сок Ёль елде әскери жағдай енгізуге тырысқан еді. Бұл әрекеттен кейін парламент оны бүлік жасамақ болды деп айыптап, импичмент жариялады.

Сондай-ақ оқыңыз