Әлеуметтік желіде қорлап жазба қалдыру күнә – ҚМДБ кибербулинг туралы пәтуа шығарды

Жарияланды
Коллаж: KursivMedia, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы кибербуллинг пен буллинг шариғат талаптарына қайшы екенін мәлімдеп, буллингтің кез келген түріне қатаң тыйым салынатынын ескертті.

ҚМДМ шариғатта біреуді қорқытуға, қорлауға, мазақ етуге, айыбын ашуға, кемсітуге тыйым салынғанын атап өтеді.

«Уа, иман келтіргендер! Ешбір қауым екінші бір басқа қауымды мазақ етпесін! Бәлкім, солар (мазақ еткендері) өздерінен қайырлы болар. Әйелдер де басқа әйелдерді (мазақ етпесін) бәлкім, солар (мазақ еткендері) өздерінен қайырлы болар. Сондай-ақ өз-өздеріңді даттамаңдар әрі бір-біріңе жаман лақап тақпаңдар …» («Хұжұрат» сүресі, 11-аят)» деп келтіреді мүфтият құран сөздерін.

Осыны және өзге қасиетті мәтіндерді басшылыққа алған ҚМДБ кибербуллингке және буллингтің кез келген түріне (сөз формасындағы буллинг, күш көрсету арқылы қорқыту, реляцион) тыйым салынатынын мәлім етті.

«Шешім:

1. Кибербуллингке және буллингтің кез келген түріне шариғат тұрғысынан қатаң тыйым салынады.

2. Әлеуметтік желі, ұялы телефон арқылы жалған ақпарат тарату, оны бөлісу, сондай-ақ біреуді балағаттап, қорлап жазба қалдыру және оған ортақтасып «лайк» басу – күнә іс.

3. Біреудің жеке жазбаларын, суреттерін, бейнежазбаларын шығарамын деп қорқыту, біреудің дінін не мәдениетін кемсіту және т.б. кибербуллингтің түрлеріне тыйым салынады.»

Сондай-ақ оқыңыз