Депутат Мұқаев: Құрылыс компанияларына салынатын салық үй бағасын қымбаттатады

Жарияланды
Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі

Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев қабылданатын жаңа салық кодексіне байланысты тұрғын-үй бағасы қымбаттай түсетінін мәлім етті. Бұл туралы ол Мәжілістің кулуарында Курсив. Мedia тілшісіне айтты.

– Бұған дейін құрылыс компаниялары көптеген салықтық жеңілдіктер алып келген еді. Ал енді бюджет тапшылығына, жаңа салық кодексіне байланысты құрылыс компанияларына 12 пайыздық салық енгізілгелі жатыр. Ол айналып келгенде қарапайым халықтың қалтасына салмақ болады, – дейді депутат.

Мәжілісменнің айтуынша, қазіргі құрылыс компаниялары коммерциялық нысаннан ғана салық төлеп отыр. Ал сатқан үйлерінен салық төлемейді. Енді Үкімет осы жеңілдікті алып тастауды жоспарлап отыр.

Қазақстан үкіметі біраздан бері жаңа салық кодексін әзірлеп жатыр. Ұлттық экономика министрлігі 2024 жылғы қыркүйекте өткен Үкімет отырыстарының бірінде жаңа кодекс 2025 жылдың шілдесіне дейін қабылданып, 2026 жылдан бастап қолданысқа енетінін мәлім еткен.

Сондай-ақ оқыңыз