Ресейлік сайт Embraer 190 ұшағының қара жәшіктері Қазақстанға жеткізілгенін жазды
Ресейлік Риа Новости сайты Ақтау маңында апатқа ұшыраған әзербайжандық Azal әуе компаниясына тиесілі ұшақтың қара жәшіктері Бразилиядан Қазақстанға қайратылғанын хабарлады. Алайда қазақстандық құзырлы органдар мұны растамады.
Мән-жайы
Ресейлік медиа Қазақстанның бас прокуратурасына сілтей отырып қара жәшіктер Бразилиядан Қазақстанға қайтарылып, әуе апатына қатысты қорытынды шығару үшін комиссияға тапсырылғанын жазды.
«Әуе апаты болған күні әуе кемесінің апатын тергеу бойынша мемлекеттік комиссия құрылды. Оның құзыретіне борттық жазбаларды (қара жәшіктерді) шешу кіреді. 1944 жылғы 7 желтоқсанда қабылданған Халықаралық азаматтық авиация туралы Чикаго конвенциясы мен басқа да халықаралық стандарттарға сәйкес борттық жазбалар Бразилия тарапынан алынып, қорытынды шығару үшін комиссияға тапсырылды», – делінген хабарламада
Сондай-ақ ведомство іс бойынша толық әрі жан-жақты тергеуді қамтамасыз ету мақсатында қажетті тергеу мен жедел іс-шараларды жүргізіп жатқанын, құқықтық ынтымақтастық шеңберінде Әзербайжан мен Ресей Федерациясына халықаралық тергеу тапсырмалары жіберілгенін мәлім еткен.
Құзырлы органдардың жауабы
Ресейлік медиада жарияланған ақпаратқа байланысты Курсив тілшісі Қазақстанның бас прокуратурасына жүгінген. Ол жердегілер көлік министрлігіне сілтеді. Ал көлік министрлігінің баспасөз қызметі Риа Новости сайтында шыққан материалға байланысты ештеңе айта алмайтынын қандай да бір ақпарат белгілі болса, министрліктің ақпараттық ресурстарында шығатынын мәлім етті.