Ислам діні қандай сурет салуға тыйым салады? ҚМДБ пәтуа шығарды

Жарияланды
Коллаж: KursivMedia, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы сурет салуға байланысты ислам дініндегі үкім қандай екенін түсіндірді.

Мүфтият мәліметінше, дін ғалымдары сурет салудың үкімін екіге бөліп қарастырады.

  • Жансыз заттардың суретін салу. Төрт мәзһабтың (ханафи, мәлики, шафиғи, ханбали) ғалымдары жансыз нәрселердің суретін салуға рұқсат етілгендігіне бірауыздан келіскен. Ибн Аббастан жеткен риуаятта сурет салушыға: «Бұдан басқа жұмыс жасай алмасаң, мына ағаштың суретін немесе кез келген жансыз затты бейнеле» [3], – деген.
  • Тірі жанның суретін салу. Бұл – ғұламалардың арасында тартысты мәселе. Жұмһур (ханафи, шафиғи, ханбали) ғалымдары тірі жанның толық бейнесін салуға тыйым салған. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) «Қиямет күні қатты азапқа тартылатындар – суретшілер»[5], – делінген ҚМДБ хабарламасында.

Ғұламалар кеңесі ислам ғалымдарының пікірлері мен мазһабтардың талап-тәртібін ескеріп төмендегідей төрт шешім шығарған:

  1. Жансыз заттың суретін салуға рұқсат етіледі.
  2. Білім беруде, ғылыми мақсатта жаны бар нәрсенің суретін салудың оқасы жоқ.
  3. Тәрбиелік мәні бар, шариғаттың қағидаттарына қайшы келмейтін мултьфильмдерді шығаруға болады.
  4. Пайғамбарлардың бейнесін бейнелеу – харам.
Сондай-ақ оқыңыз