Алматы маңында жер сілкінді
16 қаңтарда сағат 18.30-да Қырғызстанның Ыстық-Көл облысында жер сілкінісі болды.
24 kg хабарлауынша, Қырғызстанның сейсмология институты зілзала күші 3,9 баллға жеткен. Жер сілкінісінің ошағы Балықшы қаласының оңтүстік-шығысындағы 16 шақырып жерде орналасыпты.
Аймақ тұрғындары түрлі тербеліс күшін байқаған. Мәселен, Тон ауданындағы Оттық, Қара Шаар, Ақ Өлең елдімекендерінде 3,5 балл, Балықшы, Қара-Талаа, Орта-Тоқой, Шор-Бұлақ ауылдарында 3 балл болып сезілген.
Алдын ала мәлімет бойынша, жер сілкінісі кезде зардап шеккендер мен қираған ғимараттар болмаған.
11 қаңтарда Қазақстанның шығысында 3,8 балдық жер сілкінісі болды. Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеу ғылыми орталығының дерегінше, тербелістің эпицентрі Алматы облысының солтүстік-шығысындағы Түрген маңында, Алматы қаласынан 76 шақырым жерде орналасқан.