Қазақстанда 22 қаңтардан бастап -35 градусқа дейін қатты аяз күтіледі
Қазақстанда 22 қаңтардан бастап күн 35 градусқа дейін суып, қатты аяз күтіледі. Бұл туралы «Қазгидромет» агенттігі хабарлады. Синоптиктер азаматтардан ауа райының бұзылуын алдын ала ескеруді сұрады.
Алдағы аптада Қазақстанда температура төмендеп, қар жауып, боран болуы мүмкін. 18 қаңтарға қараған түні Түркістан облысында жауын-шашын болады.
20 қаңтар Ұлытау облысында, 21 қаңтар-Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында, 21-22 қаңтар Ақмола облысында, 22 қаңтарда Павлодар, Қарағанды, Түркістан, Жамбыл, Абай облыстарында, 22-23 қаңтар Шығыс Қазақстан, Алматы және Жетісу облыстарында қар жауады.
Аяздың күшеюі 22 қаңтардан басталады деп күтілуде. Батыс аймақтарда -10 -20 градусқа дейін аяз болады. Солтүстік-батыста және солтүстікте ауа температурасы -20 -30 градусқа, орталықта және шығыста -25 -35 градусқа дейін түседі.
Синоптиктер қазақстандықтарды қатты аязға дайын болуға шақырады. Жүргізушілерге алыс жолға шықпауды ескертті.
Айта кетейік, 2025 жылдың 17-19 қаңтар аралығында елдің кейбір өңірлерінде көктайғақ болып, күн күрт құбылатыны туралы жазған едік.