Алматыда өліктермен жыныстық қатынасқа түскен мәйітхана күзетшіcі жындыханаға жіберілді

Жарияланды
Сот қаулысымен сотталушы «ақыл-есі дұрыс емес» деп танылды/Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Алматыда өліктермен жыныстық қатынасқа түскен мәйітхана күзетші психиатриялық стационарға мәжбүрлі түрде емделуге жіберілді. Бұл туралы қалалық соттың баспасөз қызметі хабарлады.

ҚазТАГ-тың хабарлауынша, сот күдіктінің ақыл-есі дұрыс емес деп тапқан. Осылайша, Алматыда өліктермен жыныстық қатынасқа түскен мәйітхана күзетші енді жындыханаға жіберілмек.

«Сараптама қорытындысы негізінде сот «Б. бұл әрекеттерді жасаған кезде есі дұрыс емес хәлде болған, әрекетінің сипатын және қоғамға қауіптілігін сезіне алмаған, сонымен қатар, созылмалы психикалық дертінің салдары итермелеген» деген тұжырымға келді. Сот қаулысымен сотталушы «ақыл-есі дұрыс емес» деп танылып, психиатриялық станционарға мәжбүрлі емдеуге жіберілді», – делінген сот хабарламасында.

Сот жабық сот отырысында Б.-ға қатысты өлген адамдардың денесін қорлау айыбы бойынша медициналық сипаттағы мәжбүрлі шара қолдану туралы материалды қарастырған.

Іс материалдарына сәйкес, Б. созылмалы психикалық аурумен ауырады. 2024 жылдың 24 маусым айындағы соттық-психиатриялық сараптама қорытындысы мұны дәлелдепті. Күдікті 2023 жылдың сәуір айынан 2023 жылдың қазан айына дейін мәйітхана ғимаратында өліктермен жыныстық қатынасқа түсіп, қорлап, оны телефоны арқылы бейнежазбаға түсірген.

Сондай-ақ оқыңыз