Ішкі істер министрлігі Қазақстанда есірткі зертханасын ашқан Франция азаматтарын ұстады
Жетісу облыстық полициясы басшылығы Францияда отырған трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топты ұстады. Бұл туралы ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Жетісу облысында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері шетелдік азаматтар мен Қазақстан Республикасының азаматынан құралған ұйымдасқан қылмыстық топты ұстау бойынша операция жүргізді», – делінген баспасөз хабарламасында.
Министрліктің хабарлауынша, ұсталғандар Қазақстанда мефедрон психотроптық затын өндіретін есірткі зертханасын ашқан. Зертхананы ашуға Франция азаматтары көмектескен. 2024 жылдың жаз айында Франция азаматы туысына шетелде жұмысқа тұруға ұсыныс жасап, Қазақстанға арнайы келеді. Екеуі Қазақстан аумағына келген соң, Франциядағы жетекшілерінің нұсқауымен есірткі зертханасын құра бастайды. Бұл іске Қазақстан азаматы да тартылып, оларға қажетті құрал-жабдықтарды жеткізіп, есірткі жасыруға көмектеседі.
«Ұстау кезінде олардан шамамен 6 кг мефедрон және арнайы құрал-жабдық тәркіленді. Күдіктілер қамауда. – Қылмыстық схеманың басқа да қатысушыларын анықтап, жауапкершілікке тарту үшін тергеу амалдары жүргізілуде», – дейді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов.