Алматыда тағы бір заңсыз салынған ғимарат сүріліп жатыр
Алматыда тағы бір заңсыз салынған ғимарат сүріліп жатыр. Бұл туралы Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Әкімдіктің мәліметінше, заңсыз салынған нысан Черновицкая көшесінде орналасқан. Қаланың қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, үш қабатты ғимарат қажетті рұқсат құжаттарынсыз салынған. Атап айтқанда, сәулеттік жоспарлау тапсырмасы, эскиз жобасын келісу құжаттамасы және сараптамасы болмаған.
«Сүру фактісі тұрғынның шағымы негізінде жүргізілген жоспардан тыс тексеріс нәтижесінде анықталған. Басқарманың талап-арызы бойынша Жетісу аудандық соты нысанды бұзу туралы шешім шығарды», – делінген баспасөз хабарламасында.
Қазіргі уақытта нысан иесі сот үкіміне сәйкес, ғимаратты ерікті түрде бұза бастаған.
Айта кетейік, Алматыда заңсыз нысандарды сүру шаралары қарқынды жүріп жатыр. Мәселен, 2023 жылдың басынан бері Алматыда 63 заңсыз нысан бұзылған. Олардың қатарында «Мечта» және KHAN, «Алма Гарден», Monblanc элиталы қымбат тұрғын үй кешендері де бар.