Денсаулық сақтау министрлігі науқас парағын толықтай электронды форматқа ауыстырмақшы
Жарияланды
Қазақстанда тағы бір құжатты толығымен электрондық форматқа көшеді. Енді науқас парағы электронды нұсқада берілуі мүмкін. Құжат «Ашық НҚА» порталында жарияаланды.
«Қағаз құжаттарды пайдалануды азайту және оңтайландыру мақсатында, еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтамалар мен ауруханалық парақтарды электрондық форматқа ауыстыру жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде», — делінген Денсаулық сақтау министрлігінің түсіндірме жазбасында.
Айта кетейік, қазіргі уақытта ауруханалық парақтар электрондық және қағаз нұсқаларында беріледі.
«Бұл азаматтардың медициналық мекемелермен өзара әрекетін жеңілдетеді, сондай-ақ медициналық қызметтердің ыңғайлылығы мен қолжетімділігін арттырады», — делінген құжатта.