Шерзат Полаттың өліміне қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды

Жарияланды (жаңартылды )
Шерзат Полаттың ісіне екі қорғаушы қосылды
Енді қылмыстық іс материалдарымен танысу басталады / Фото: коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

17 қаңтарда Шерзат Полаттың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталған. Адвокаттарға бұл жөнінде ресми хабарлама келген.  

Бұл туралы адвокат Карина Көшербаева әлеуметтік желі арқылы хабарлады.

«Сотқа дейінгі тергеу аяқталды. 2025 жылдың 17 қаңтарында біз тергеу әрекеттерінің аяқталғаны туралы ресми хабарлама алдық. Бұл сотқа дейінгі тергеудің аяқталғанын білдіреді. Жұмысымыздағы маңызды кезеңдердің бірі артта қалды», – деп жазды адвокат.

Карина Көшербаеваның айтуынша, енді келесі маңызды кезең қылмыстық іс материалдарымен танысу басталады.

Алматы облысы Талғар ауданында кісі қолынан қайтыс болған Шерзат Полаттың ісінде оның отбасының мүддесін қорғау үшін тағы екі адвокат – Асылбек Абдраимов пен Ерлан Адаев қосылып отыр. Мәжіліс депутаты Абзал Құспанның айтуынша, бұл іс бойынша 170-тен астам куәгерлерден жауап алынып, 40-қа жуық сараптама тағайындалған.

Сондай-ақ оқыңыз