Дауыл мен көктайғақ – 22 қаңтарға ауа райы болжамы

22 қаңтарда еліміздің 16 облысында және Астанада дауылды алдын ала ескерту жарияланды. «Қазгидромет» синоптиктерінің болжамы бойынша, екпіні 23-28 м/с дейін жел соғып, қалың қар жауып, тұман түсіп, көктайғақ болады.
Метеорологтардың ақпаратына сәйкес, Қазақстанның басым бөлігінде Солтүстік-Батыс циклоны әлі де үстемдік етеді. Соның әсерінен солтүстікте қалың қар түсіп, шығыста, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста қар аралас жаңбыр жауып, қатты жел тұрады. Бұл жағдайда дымқыл ауа суық ауамен алмасып, ел бойынша температура (солтүстікте –25 –35 °C дейін және оңтүстікте −15 –25 °C дейін) күрт төмендейді.
Астанада күндіз қар жауып, боран соғады, ауа райы бағаны –17 -19 °C, желдің жылдамдығы — 23-28 м/с, түнде: – 25 -27 °C.
Алматыда қар жауып, тұман түсіп, көктайғақ болады, күндіз -1 -3 °C, желдің жылдамдығы — 2-7 м/с, түнде -13 -15 °C.
Шымкентте қар жауып, боран соғып, көктайғақ болады, күндіз -4 -6 °C, түнде –14 -16 °C.