Санкция салынған қырғызстандық Керемет Банк Visa карталарын шығармайтын болды
Осы жылдың басында АҚШ санкциясына іліккен қырғызстандық Керемет Банкі Visa төлем жүйесіндегі карталарды шығаруын тоқтатты. Бұл туралы қаржы ұйымының сайтында жазылған. Ал бұған дейін шығарылған карталар тек банк бөлімдері мен банкоматтарда жарамды.
Керемет Банк бұл жағдайдан шығу үшін тұтынушыларына «Элкарт» төлем жүйесінің карталарын рәсімдеуді ұсынған. Ал VISA карталарында тұрған қаржысын банк кассаларынан шығарып алуды өтінген. Бұл шектеулердің бәрі Visa карталарына ғана қатысты Керемет Банк Mastercard жүйесінде жұмыс істемейді.
Бұған дейін 15 қаңтарда АҚШ-тың Қаржы министрі Қырғызстандағы Керемет Банкіне санкция салған еді. Америкалық ұйым мәліметінше, банк «ресейлік үкіметпен байланысы бар олигархқа жақын» фирмаға сатылған. Ол мәміле Ресей «санкцияларды айналып өтіп, экспорттан төлем қабылдап, импортқа қаражат алу үшін» жасалған деп мәлімдейді Қаржы министрлігі.
Осыдан кейін Керемет Банкі министрлік шешіміне қарсы шағым түсіретінін мәлімдеді.