ЖИ-дің жаңа дәуірі ме? Ірі технологиялық алпауыттар бірігіп, жаңа компания құрады

Жарияланды
OpenAI, SoftBank және Oracle бірігіп жаңа Stargate атты компания құрады / Фото: коллаж Kursiv Media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

АҚШ президенті Дональд Трамп Stargate атты жаңа компания құрылатынын мәлімдеді. Оған 500 млрд доллар инвестиция салады, жасанды интелектіні дамытуға жұмыс істейді. Жаңа компания OpenAI, SoftBank және Oracle-дің ортақ жобасы болмақ.

Трамп компанияны таныстырған жиынға OpenAI бас директоры Сэм Альтман, SoftBank төрағасы Масайоши Сон және Oracle негізін қалаушы Ларри Элисон қатысқан.

Ақ үйдің мәлімдеуінше, ЖИ келесі буында жаңа жетістіктерге жету үшін «өте ауқымды дата-орталықтар» тәрізді физикалық және виртуалды инфрақұрылымдар салумен айналысады.

«Stargate үшін SoftBank және OpenAI жетекші серіктестер болады. SoftBank қаржылай жауапкершілік, ал OpenAI операциялық жауапкершілігін алады», – деп жазылған OpenAI компаниясының хабарламасында.

Сондай-ақ ол жоба басталғанда Arm, Microsoft, NVIDIA жаңа компанияның технологиялық серіктестері болатынын айтады. Қазір құрылыс жұмыстары Техаста басталып кеткен.

«Соңғы келісімдерді аяқтап біткенше, біз бүкіл ел бойынша қосымша қосымша кампустар салу мәселесін талқылап жатырмыз», – дейді OpenAI басшылығы.

Бұған дейінгі экс-президент Джо Байден мен жаңа басшы Дональд Трамптың ЖИ дамуына қатысты көзқарасында өзгешелік болды. Байден ЖИ үшін өте қуатты модельдер жасаумен айналысып жатқан компанияларға бақылау қойған. Ал Трамп ол компаниялардың одан әрі дамуы үшін миллиардтап қаржы салуға дайын.

Дональд Трамптың тағы бір ауқымды жобасы Тик-Ток желісіне қатысты. Ол қосымшаны Америка аумағында бұғаттау мерзімін кейінгі қалдырды.

Сондай-ақ оқыңыз