Анастасия Новикова Kursiv.Media сайтының жаңа директоры болып тағайындалды

Жарияланды
Анастасия Новикова Kursiv.Media сайтының жаңа директоры болып тағайындалды
Анастасия Новикова Kursiv.Media сайтының жаңа директоры болып тағайындалды / Фото: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

2025 жылдың 21 қаңтарынан бастап белгілі журналист әрі медиаменеджер Анастасия Новикова қазақстандық Kursiv.Media басылымының бас директоры болып тағайындалды. 

Анастасия Новикова 2022 жылдан бері Kursiv Uzbekistan директоры болған. Ол бұл лауазымын сақтап қалды. Новикова ұзақ жылдар бойы қазақстандық басылымдар да қызмет етіп келген. КТК, «Южная столица», Forbes.kz, «Информбюро» сынды ақпарат құралдарында журналист, редактор қызметін атқарған. 

Kursiv Uzbekistan басшысы ретінде көрші елде іскерлік медиа шараларды ұйымдастыруды бастап, Kursiv-тің медиа кеңістігін айтарлықтай кеңейткен. Новикова медиаменеджер ретінде Қазақстанда және шетелде жинақтаған тәжірибесін отандық басылымды дамытуға жұмсайтынын айтады. 

«Соңғы жылдары Kursiv елдегі жетекші ақпараттық ресурстардың біріне айналып, медиа нарығындағы өз позициясын айтарлықтай нығайтты. Көрермендер басылымды оның тиімділігі, объективтілігі және қамтылған тақырыптарға терең көзқарасы үшін жоғары бағалайды. Веб-сайттан басқа, Kursiv әлеуметтік желілерді дамытуда және былтырдан бері ірі бизнес-форумдарды сәтті ұйымдастырып келеді», – деп атап өтті.

Айта кетейік, Kursiv 2024 жылдың қорытындысы бойынша таралым тұрғысынан елдегі үздік басылымдардың қатарына енді. Liveinternet ресурсындағы мәліметке сүйенсек, 2024 жылдың желтоқсан айында басылым аудиториясы 2 миллионға жуық пайдаланушыны болды. Басылымға қызығушылық танытып кірген адамдар саны 5,6 миллионнан асып, әлеуметтік желідегі брендтің аудиториясы 3 миллион адамға жетті.

Kursiv.Media-ның бұрынғы бас директоры Эльмар Муртазаев басқа қызметке ауысты, оның қызметі туралы ақпарат кейінірек хабарланатыны белгілі.

Kursiv.Media – іскерлік бағытқа басымдық беретін, сонымен қатар қоғамдық-саяси мәселелерді қамтитын Орталық Азияның жетекші медиасының бірі. Басылымның орталық кеңсесі Алматыда орналасқан. Астанада арнайы кеңсе жұмыс істейді. Өзбекстандағы еншілес редакция брендті көрші елде дамытумен айналысады. Бұған қоса, Kursiv.Practicum жобасы аясында республикалық деңгейдегі іскерлік форумдар мен конференциялар ұйымдастырылып отырады. 

Сондай-ақ оқыңыз