Ұлытау облысында полицейлер әкімшілік жазаға тартылған адамды азаптаған
Ұлытау облысында полицейлер әкімшілік жазаға тартылған адамды азаптаған. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.
«Ұлытау облысының арнайы прокурорлары Жаңаарқа ауданы полиция бөлімінің қызметкерлерімен әкімшілік құқық бұзушыны жеткізу барысында азаптау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады», – делінген баспасөз хабарламасында.
Тергеу барысында азаптау фактісі бойынша күдікті болып отырған полицейлерге ешқайда кетпеу туралы қолхат беріліп, бұлтартпау шаралары қолданылған. Тергеу құжаттары іске қатысушы екі тарапқа да берілген. Қазіргі таңда ҚПК-нің 296-бабына сәйкес қылмыстық іс құжаттармен танысу кезеңі басталған. Тараптар іспен танысқан соң, іс сотқа жолданады.
Бірақ соттың бұл үкімімен жәбірленуші тарап келіспейді. Олар 3 жылға бас бостандығынан айыруды тым жеңіл жаза деп санайды.