Қарағанды облысында 19 көлік соқтығысып, мыңдаған адам жолда қалып қойды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Қарағанды облысында автожолда 19 көлік соқтығысты / коллаж: kursiv.media

23 қаңтар күні сағат 12:30 шамасында Қарағанды–Балқаш жолында 19 жеңіл көліктің қатысуымен жаппай жол-көлік апаты тіркелді. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» хабарлады.

«ҚазАвтоЖол» мәліметінше, Қарағанды–Балқаш бағытындағы Екатеринбург–Алматы тас жолының 1492–1855 шақырым аралығындағы жөндеу жұмыстары жүріп жатқан учаскеде Балқаштан Қарағандыға қарай көлік қозғалысы қайта ашылған еді.

Бұл шешім ауа райының жақсаруына және көліктердің жиналуына байланысты қабылданды. Қозғалыс Қарағанды облыстық полициясы мен «ҚазАвтоЖол» қызметкерлерінің бақылауымен ұйымдастырылды.

Қазіргі уақытта оқиға орнында ТЖД және жедел жәрдем қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

Алдын ала мәліметтер бойынша, жол апатына жылдамдық режимін сақтамау және қауіпсіз қашықтықты ескермеу себеп болған.

Бұдан бөлек, Қарағанды облысында боран мен көктайғақ салдарынан 2400 көлік пен 5000-нан астам адам жолда қалып қойды. Ең қиын жағдай Сарышаған мен Балқаш қалаларынан Қарағандыға бағытталған тас жолдарда тіркелді.

Аталған учаскелерде 1438 көлік жолда қалған: 3723 адам жылыту пункттеріне орналастырылды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ақмола облысында «Астана – Щучинск» тас жолында 95 көлік соқтығысып, 20 адам зардап шеккен еді. 

Сондай-ақ оқыңыз