Қазақстанда электромобильдер саны 1,6 есе артты

Жарияланды
Фото: Ашық дереккөз

Елде электр тоғының қуатымен жүретін автокөлік құралдарының саны 1,6 есе өсті, деп хабарлады ұлттық статистика бюросы.

2024 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша олардың саны 12 587 бірлікті құраған. Бір жыл бұрын тіркелген электромобильдер саны 7 680 бірлік болған. Бұған жеңіл көліктер де, жүк көліктері де, автобус та кіреді.

Ең жоғары өсім жеңіл автомобильдер арасында байқалған. Олардың саны 7 383-тен 12 119 бірлікке дейін өскен.

Электромобиль саны бойынша Алматы көш бастап тұр. Қалада 7 309 жеңіл көлік тіркелген. Одан кейінгі сатыда Астана (1 510) мен Алматы облысы (638) жайғасқан.

2024 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша тоқпен жүретін 338 жүк көлігі мен 130 автобус бар.

Бұған дейін Қазақстанда ең танымал Chevrolet көліктерінің сатылымы 32,5%-ға төмендегенін жазғанбыз.

Автокөлік нарығының көшбасшысы болып Hyundai бренді танылған.


Сондай-ақ оқыңыз