Трамп Кеннеди мен Лютердің өліміне қатысты материалдарды ашатын жарлыққа қол қойды

Жарияланды
Коллаж: KursivMedia, бильд-редактор Ахтам Зиперов

23 қаңтар күні АҚШ президенті Дональд Трамп бірқатар жарлықтарға қол қойды. Оның ішінде 1963 жылы президент Джон Кеннедидің, 1968 жылы оның інісі Роберт Кеннедидің және сол жылы азаматтық құқықтар қозғалысының көшбасшысы Мартин Лютер Кингтің өлімдеріне қатысты үкіметтік құжаттарды құпиясыздандыру туралы жарлық бар.

Джон Кеннедидің өлімі

Трамп қараша айының соңында сайлауда жеңіске жеткеннен кейін, Джон Кеннедидің өліміне байланысты соңғы құжаттарды жариялауға уәде берген. Бұл құжаттар «құпия» деп танылып, Ұлттық мұрағатта сақталған.

1964 жылы Джон Кеннедидің өлімін тергеу жөніндегі ресми комиссия айыпкер Ли Харви Освальдтың жалғыз әрекет еткенін анықтаған. Освальд – бұрынғы теңіз жаяу әскері. Біраз уақыт Кеңес Одағында тұрған. Дегенмен Кеннедидің өлімі әлі күнге дейін түрлі болжамдар мен спекуляциялар туғызады.

2022 жылдың желтоқсанында Ұлттық мұрағат Джон Кеннедидің өліміне қатысты 13 мыңнан астам құжатты жариялаған. Алайда Джо Байденнің әкімшілігі ұлттық қауіпсіздік мәселелеріне байланысты тағы бірнеше мың құжаттың жариялануын бұғаттаған.

Роберт Кеннедидің өлімі

Джон Кеннедидің інісі Роберт Фрэнсис АҚШ бас прокуроры қызметін атқарған 1968 жылдың 5 маусымында Лос-Анджелесте президенттікке үміткер ретінде Демократиялық партияның праймеризінде жеңіске жетуге жақын қалған кезде өлтірілген. Роберт Кеннеди Ambassador қонақүйінде сөз сөйлегеннен кейін, палестиналық иммигранттың қолынан қаза тапты.

Лютер Кингтің өлімі

Азаматтық құқықтар қозғалысының көшбасшысы Мартин Лютер Кинг 1968 жылдың 4 сәуірінде Теннесси штатының Мемфис қаласында өлтірілген. Оған ақ нәсілшілдік пен сегрегацияны қолдайтын адам қастандық жасаған.

Бұған дейін, Трамп Украинадағы соғысты аяқтау үшін ОПЕК-тен мұнай бағасын түсіруді сұраған.

Сондай-ақ Трамптың санкция туралы ескертуінен кейін, Путин Ресей экономикасына шындап алаңдай бастаған.

Сондай-ақ оқыңыз