«Рөлде отырып кітап оқисыз». Rivian 2025 жылы озық көлік шығаратынын мәлімдеді

Жарияланды
Коллаж: KursivMedia, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Америкалық Rivian компаниясының бас директоры Р. Дж. Скариндж 2025 жылы көлікті қолдың көмегінсіз басқаруға мүмкіндік беретін озық жүйені, ал 2026 жылы «eyes-off» («көзсіз») жүйесін іске қосуды жоспарлап отырғанын мәлімдеді, деп жазады reuters.com.

Скариндждің айтуынша, рөлден қолды алып, жолға алаңдамауға мүмкіндік беретін көмек жүйесі клиенттер үшін «үлкен құндылық» әкеледі.

Ол жетілдірілген технологиялардың арқасында жүргізуші рөлде отырып телефон қарап, кітап оқып, электрондық хат жіберу сияқты әрекеттерді істей алатынын айтады.

«Біз жүйелерімізге осындай мүмкіндіктерді енгізуге баса назар аударып отырмыз», – деді Скариндж.

Қазіргі уақытта Rivian Gen 2 көліктері «Rivian автономды платформасымен» жабдықталған. Бұл платформа жүргізушілерге көмектескенімен, әлі де жолды бақылап, көлікті басқарып отыруды талап етеді. Бұл басқа автокөлік өндірушілерінің мүмкіндіктеріне ұқсас.

Бұған дейін, Қазақстанда электромобильдер саны 1,6 есе артқанын жазғанбыз.

Сондай-ақ оқыңыз