Таразда ер адам өзін өртемек болды

Жарияланды
Видеодан кадр/KursivMedia, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Тараз қаласында ер адам үстіне бензин құйып, өзін өртемек болды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

Оқиға қаладағы орта мектептердің бірінің жанында болған. Ер адам жеңіл күйік алып, ауруханаға жеткізілген.

«Оқиға орнына жедел келген ТЖМ құтқарушылары қолда бар құралдармен өздігінен өртеу әрекетінің алдын алды. Зардап шегуші шамалы күйік алып, ауруханаға жеткізілді», – делінген ТЖМ хабарламасында.

Ер адам мұндай қадамға неге барғаны әзірге белгісіз.

Айта кетейік, былтыр Маңғыстау облысы әкімдігі алдында ер адам өзін өртеп жіберген. Ол облыс әкімі өзін қабылдауын сұрап, аймақ басшысымен кездесе алмаған.

Сондай-ақ оқыңыз