Қазақстан мен Қытай бірігіп, индустриалды парк салады

Жарияланды
«Kazakh Invest» ұлттық компаниясы қытайлық Polyking New Horizons Technology Industry-мен бірігіп жоба жасайды / Фото: коллаж KursivMedia, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Отандық «Kazakh Invest» ұлттық компаниясы Қытайдың Polyking New Horizons Technology Industry Co. Ltd компаниясымен келісімге қол қойды. Екі тарап Қазақстанда дрондар, ақылды қалалар және интеллектуалды өндіріс технологияларын біріктіретін индустриалды парк салмақшы. Бұл туралы Kazakh Invest баспасөз қызметі хабарлады.

Жаңа парк жұмысына 200 млн доллар инвестиция құйылып, 1000 жаңа жұмыс орны ашылады деген жоспар бар. Бұл жоба шағын биіктік экономикасы аясында жүзеге асырылады

«Біз шағын биіктік технологияларын ауыл шаруашылығы, энергетика, құрылыс және инфрақұрылымды басқару сияқты салаларға енгізудің зор әлеуетін көріп отырмыз. 2050 жылға  қарай  шағын  биіктік  экономикасының  жаһандық  нарық  көлемі  8,8 трлн долларға жетеді деп болжайды. Қытай  компаниясының  озық  технологиялары мен  тәжірибесі  Қазақстанда  осы  саланың  дамуына  жаңа серпін беретініне сенімдімін», – деп атап өтті ұлттық компанияның басқарушы директоры Азамат Қожанов.

Polyking New Horizons Technology Industry Co., Ltd – логистика мен жеткізу тізбегін басқаруға арналған инновациялық технологияларға инвестиция салатын қытайлық компания. Кәсіпорын CITIC POLY FUND құрамына кіреді, негізгі акционерлері – China Poly Group және CITIC Group корпорациялары.

Сондай-ақ оқыңыз