АҚШ Украинаға қаржылық көмекті тоқтата тұрады, бірақ Израильді қолдай береді
АҚШ-тың жаңа мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Мемлекеттік департаментке өзге мемлекеттерге, оның ішінде Украинаға қаржылық көмекті толық тоқтата тұруды тапсырды деп жазады Financial Times.
FT мәліметінше, барлық жоспарланған төлемдер 85 күн ішінде мұқият тексерілетін болады. Мақсат – олардың жаңа әкімшіліктің саясатына сәйкестігін талдау. Алайда Израиль мен Египетке әскери және ашыққандарға көмек көрсетіле бермек.
«Біз жұмсайтын әрбір доллар, қаржыландыратын әрбір бағдарлама және жүзеге асыратын әрбір саясат үш қарапайым сұраққа жауап беруі керек. Бұл Американың қауіпсіздігін арттыра ма? Бұл Американы күшейте ме? Бұл Американы әл-ауқатты ете ме?» – деп мәлімдеді Марко Рубио.
Рубионың бұл бұйрығы президент Дональд Трамптың саясатына сәйкес келеді. Ол «бюрократия мен көмек индустриясы <…> АҚШ мүдделеріне сәйкес келмейді және көптеген жағдайларда америкалық құндылықтарға қайшы келеді» деп есептейді.
Дональд Трамп АҚШ президенті лауазымына ресми кіріскелі бірқатар ел күтпеген жарлықтар қабылдап, өзгеріс енгізіп жатыр.
Мәселен, ол Гренландияға көз тігіп, Дания премьер-министрі Метте Фредериксенмен телефон арқылы сөйлескенінде оған сес көрсеткен.
Одан бөлек оның кандидаты тартысқа тола талқыда Пентагонның жаңа басшысы болып бекітілді. Ол бұрынғы тележүргізуші.
Сондай-ақ АҚШ-та Трамп үшінші рет президент сайлауына қатысуы үшін конституцияны өзгерту ұсынылды.