Тоқаев Ұлттық Банкке теңге бағамын тұрақты ұстап тұруды тапсырды
Қазір валюта бағамының тұрақтылығын қамтамасыз ету – ең маңызды міндет. Бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысында Тоқаев осылай деп, Ұлттық Банкке арнайы тапсырма берді.
«Жұмыс қалыпты режимде жүргізіліп жатыр, бірақ, әрине, сұрақтар бар. Бірінші кезекте ұлттық валютаның құбылмалылығын көріп отырмыз. Сарапшылар америкалық доллардың нығаюына байланысты теңге курсы қысым жасалады деп күтеді. Валюта тұрақтылығын қамтамасыз ету және жалпы инфляцияны тізгіндеу – қазіргі ең маңызды, тіпті басты жұмыс десек болады. Ол Үкіметпен тығыз байланыста атқарылуы керек», – деді ол.
Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев теңге бағамын ұстап тұру үшін резервтерді босқа жұмсауға қарсы екенін мәлімдеген.
Қазіргі ресми статистика бойынша, долларға қатысты теңге бағамы 516 теңге деп белгіленді.