Қытай су үнемдейтін технологиясымен бөлісуге дайын, бірақ біздің жақ құлықсыз —  Тоқаев

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Тоқаев суды үнемдейтін технологияларды пайдалану мәселесі өте маңызды екенін айтты / Фото: aqorda_resmi

Қасым-Жомарт Тоқаев көршілес Қытай су үнемдейтін технологияларының тәжірибелерімен бөлісуге дайын екенін, алайда қазақстандық шенеуніктер оған құлық танытпай отырғанын айтты.

Мемлекет басшысы қоғамда ресурстарды үнемдеп пайдалану мәдениетін қалыптастыру маңызды екені талай жылдан бері айтылып келе жатқанын атап өтті. Алайда үндеу тастау жеткіліксіз, сол себепті ресурстарды тұтынудың әлеуметтік нормаларын енгізу қажет екенін айтады.

«Үлгі етуге болатын жақсы мысалдар бар. Мысалы, дәл осындай ұстаным ай сайын суды сегіз пайызға жуық үнемдеуге мүмкіндік берді. Бұл – аса маңызды. Себебі Қазақстанда ғана емес, бүкіл Орталық Азияда су тапшылығы күшейіп тұр. Сондықтан суды үнемдейтін технологияларды пайдалану мәселесі өте өзекті,- деді Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Президент бұл мәселе бойынша көрші Қытай елінде әлемдік деңгейдегі озық технологиялар барын және олар тәжірибелерімен бөлісуге дайын екенін атап өтті.

«Бірақ біздің жақ – құлықсыз, оның үстіне батыл шешімдер жоқ. Үкіметке осы шаруамен белсенді айналысып, 1 маусымға қарай жұмыс барысы туралы есеп беруді тапсырамын»,- деп мәлімдеді мемлекет басшысы.

Сондай-ақ оқыңыз