Бензин мен дизельді енді ЕАЭО-ға мүше елдерге де экспорттауға тыйым салынады
Энергетика министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қаржы министрлігі, Ішкі істер министрлігі бірігіп, бензин мен дизель отынының экспортына тыйым салуды көздеп отыр. Бұл туралы арнайы құжатта жазылған.
«Қазақстан Республикасының аумағынан, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге әкетуге тыйым салу енгізілсін», – делінген құжатта.
Құжатқа сәйкес бензинді, дизельдік отынды және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін газ цистерналарында ғылыми-зерттеу жұмыстарына арналған авиациялық отынды автомобиль көлігімен әкетуге тыйым салынады. Ал Үкіметтің шешімі бойынша гуманитарлық көмек шеңберінде экспортталатын мұнай өнімдерінің жекелеген түрлеріне бұл тыйымның қатысы жоқ. Бұл тыйым 2024 жылғы 29 қыркүйектен 2025 жылғы 29 наурызға дейінгі кезең аралығында күшінде болады.
Сонымен бірге 2025 жылғы 1 ақпаннан бастап кейбір мұнай өнімдерін темір жол көлігімен де әкетуге тыйым салынған.
Б