Дина Таңсәрінің қайда жүргені анықталса, прокуратура экстрадициялау құжаттарын жібереді
![](https://cdn-kz.kursiv.media/wp-content/uploads/2025/01/dina-tangsaeri-1024x576.png)
«Не молчи» қайырымдылық қорының жетекшісі Дина Таңсәрінің қайда жүргенін анықтаса, Бас прокуратура оны сол елден экстардициялау жөніндегі құжаттарды жібереді. Бұл туралы Мәжілістен кейінгі брифингте Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев айтты.
Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі Дина Таңсәріге қатысты істің қалай жүріп жатқаны туралы сұрады. Қойгелдиев Таңсәріге қатысты 6 факт бойынша іс қозғалып отырғанын айтты.
«Олардың дені алаяқтыққа қатысты. Қазіргі таңда оның қайда жүргені анықталып жатыр. Қайда жүргені қалай анықталады, солай экстрадициялау жөніндегі құжаттар жіберіліп, тергеу жұмыстарын жалғастырамыз», – деді прокуратура өкілі.