Орфандық науқастарды дәрімен қамту қордың міндетіне кірмейді – Жәмішев

Жарияланды
Болат Жәмішев орфандық науқастарды емдеу қор міндетіне кірмейді / Фото: Ортком

«Қазақстан халқына» қайырымдылық қорының төрағасы Болат Жәмішев орфандық науқастарды дәрімен қамтамасыз ету функциясын қор емес, Денсаулық сақтау министрлігі атқаруы керек деп санайды. Бұл туралы қор басшысы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.

«Орфандық науқастарды қажетті препараттармен қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің тікелей міндеті болып табылатынын атап өткім келеді. Қайырымдылық қоры мемлекеттің функцияларын алмастырмауы керек, тек әлеуметтік көмек шеңберіндегі бастамаларды толықтырып, қолдауы керек», – дейді Жәмішев.

Айтуынша, ауыр және орфандық аурулары бар науқастар үшін дәрілік препараттарды сатып алуға қордан 2022-2024 жылдар кезеңінде 490 азаматқа, (оның 371-і балалар) жалпы сомасы 62,3 млрд теңге қаражат жұмсаған.

Сондай-ақ оқыңыз