ЕуроОдақ Ресейдің «ТАСС», «Лента.ру» сияқты медиаларына санкция салды

Жарияланды
Фото: Alexander Zemlianichenko/The AP

ЕуроОдақ жаңа, 16-шы санкциялар пакеті аясында Кремльге бағынышты бірқатар БАҚ-ты, соның ішінде «Звезда» телеарнасын және «Стратегиялық мәдениет қоры» ұйымын шектеу тізіміне қосты. Бұл туралы «Система» зерттеу жобасы (құжат редакцияның қарауында) хабарлады.

Санкцияға ілігетіндер:

  • ТАСС – Ресейдің ең көне ақпараттық агенттігі (мемлекетке тиесілі).
  • «Звезда» және «Красная звезда» – Ресей Қорғаныс министрлігінің телеарнасы мен газеті.
  • EADaily (Eurasia Daily) – прокремльшіл жаңалықтар порталы. Соңғы 10 жылда бұл басылым бірнеше рет жалған ақпарат тарату, фейктер мен манипуляцияларға қатысты айыпталған.
  • «Стратегиялық мәдениет қоры» – Ресейде тіркелген «сараптамалық орталық», ресейшіл көзқарастарды насихаттайды.
  • «Лента.ру» – Ресейдің танымал басылымы. 2014 жылы басшылық ауысқаннан кейін, Кремльге лоялды ресурсқа айналған.
  • NewsFront – Қырым аннексиясынан кейін құрылған прокремльшіл сайт.
  • RuBaltic – Калининградта тіркелген, Балтық елдеріне қатысты жаңалықтар порталы.
  • SouthFront – әскери портал. АҚШ Қаржы министрлігі оны ФСБ-мен байланысты, қастандық теорияларын насихаттайтын ресурс деп сипаттаған.

Санкция неге салынды

ЕО бұл шешімді Ресей пропагандасымен күресу қажеттілігімен түсіндіреді. Брюссельдің
пікірінше, ресейлік насихат Украинадағы жағдайды тұрақсыздандырып, Еуроодақтың ақпараттық қауіпсіздігіне қауіп төндіреді.

Санкциялар Ресей Украинаға қарсы агрессияны тоқтатып, дезинформациялық кампанияларын доғарғанға дейін күшінде болады.

Қандай шектеулер енгізіледі

  • Аталған БАҚ-тың хабар таратуы, контентін тарату және жылжыту толықтай тыйым салынады.
  • Бұл шектеулер кабельдік және спутниктік ТВ, IP-TV, видеохостинг платформалары мен мобильді қосымшаларға да қатысты болады.
  • ЕО интернет-провайдерлері осы ресурстарға қолжетімділікті бұғаттауға міндеттеледі.
  • ЕО елдерінің азаматтары мен компанияларына бұл БАҚ-пен кез келген ынтымақтастыққа тыйым салынады. Жарнама орналастыру, контент өндіру және басқа да қызметтер көрсетуге болмайды.

Бұған дейін ЕО дәл осындай шараларды RT және Sputnik арналарына қолданған болатын.

Жуырда Еуроодақ Ресейге Xbox пен PlayStation ойын консолдерін импорттауға тыйым салғаны жатқаны хабарланған.

Оның алдында Еуроодақ 16 санкциялар пакетінде Ресейдің алюминийі мен сұйытылған мұнай газына тыйым салуды көздеп отырғаны туралы жазғанбыз.  

Сондай-ақ оқыңыз