Вашингтонда жолаушылар ұшағы тікұшақпен соқтығысты

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Вашингтонда жолаушылар ұшағы тікұшақпен соқтығысты
Вашингтонда жолаушылар ұшағы тікұшақпен соқтығысты / Фото: shutterstock

АҚШ астанасы Вашингтонда жолаушылар ұшағы тікұшақпен соқтығысып, Рональд Рейган атындағы әуежайдың жанындағы Потомак өзеніне құлаған. Бұл туралы Колумбия округінің өрт және төтенше жағдайлар департаменті хабарлаған.

Оқиғаның мән-жайы

«Голос Америки» басылымының жазуынша, жергілікті уақыт бойынша кешкі сағат 21.00 (Астана уақытымен таңғы сағат 5) шамасында PSA Airlines әуе компаниясының CRJ700 жолаушылар ұшағы Sikorsky h-60 тікұшағымен соқтығысқан. Ұшақ Канзас штатындағы Вичита қаласынан Вашингтонға қарай ұшып келе жатқан. Ұшақ бортында 65 жолаушы болуы мүмкін.

Әуежай барлық рейстердің ұшуы мен қонуы тоқтатылғанын хабарлаған.

«Төтенше жағдайлар қызметкерлері аэродромдағы ұшақ оқиғасына жауап береді», — делінген әуежайдың әлеуметтік желілерінде.

Associated Press агенттігінің хабарлауынша, сәрсенбі, 29 қаңтар күні кешке Потомак өзеніндегі оқиға орын алған аймақта Колумбия округінің Митрополиттік полиция департаменті және АҚШ Қарулы күштерінің тікұшақтары ұшқан. Нақты қай тікұшақтың соқтығысқаны белгісіз.

Айта кетейік, осыған дейін Жаңа жыл қарсаңында ұшақ апаттары жиілеген. Қазақстанда, Оңтүстік Кореяда, Бразилияда, Канадада ірі ұшақ апаттары болған.

Сондай-ақ оқыңыз