Қытайдың DeepSeek нейрондық желісінен пайдаланушылардың жеке деректері тарап кеткен
Қытайдың DeepSeek нейрондық желісінен пайдаланушылардың жеке деректері тарап кеткен. Бұл туралы америкалық Wiz киберқауіпсіздік жөніндегі компаниясының қызметкерлері хабарлады.
Wiz киберқауіпсіздік компаниясының қызметкерлері қытайлық жасанды интеллект (AI) DeepSeek стартапына тиесілі жалпыға қолжетімді ClickHouse дерекқорынан жеке деректердің тарап кеткенін анықтаған.
Киберқауіпсіздік бойынша сарапшылардың пікірінше, ClickHouse дерекқорынан миллионнан астам тізбектер тараған. Оның ішінде негізінен сандық бағдарламалық құралдарға арналған цифрлық кілттер мен пайдаланушылардың іздеу тарихына қатысты мәліметтер таралған.
Wiz сарапшылары деректердің таралып кеткенін «бірнеше минут ішінде» анықтаған. Ал нейро желіні тексеруге DeepSeek жасанды зердесінің соңғы уақытта сұранысқа ие болып, АІ технологияларын дамытумен айналысатын америкалық компанияларды басып озуы себеп болған.