Болат Жәмішев «Қазақстан халқына» қорының басқарма төрағасы қызметінен кетті

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Болат Жәмішев «Қазақстан халқына» қорының басқарма төрағасы қызметінен кетті / Фото: коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов
Болат Жәмішев «Қазақстан халқына» қорының басқарма төрағасы қызметінен кетті / Фото: коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Болат Жәмішев президент Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырмасымен құрылған «Қазақстан халқына» қорының басқарма төрағасы қызметінен кетті. Бұл туралы қордың баспасөз қызметі хабарлады.

Мән-жайы

Жәмішев қордың 2022 жылы құрылуына ықпал етіп, оны үш жыл басқарды.

«Өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты Болат Жәмішев қордағы жұмысын аяқтауға шешім қабылдады», – делінген қор хабарламасында.

Жаңа басшы

Қоғамдық қорды 1 ақпаннан бастап Ләззат Шыңғысбаева басқарады. ол бұған дейін қор басқарма төрағасы орынбасарының қызметін атқарған.

«Басшылықтың ауысуына қарамастан, Қор өз қызметін әдеттегідей жалғастырады. Қордың қамқоршылық кеңесінің пікірінше, басшылықтың ауысуы қайырымдылық қызметін дамыту үшін қосымша мүмкіндіктер ашатын жаңа тарау», – деп қорытындылады қорда.

Бұдан бөлек, қордың басқармасында тағы да өзгерістер болған. Осыған дейін қордың қамқоршылар кеңесінде болған София Айсағалиева қор басқарма төрағасының орынбасары, ал Серікбек Елшібек басқарма мүшесі болып сайланған.

Қор жайлы

Айта кетейік, «Қазақстан халқына» қоры 2022 жылы президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен құрылған. Тоқаев елдегі ауқатты азаматтарды осы қорға қаражат аударуға шақырған.

2025 жылдың 29 қаңтарында қор бір жылдық қорытындысын шығарған. Жәмішев қорытынды кезінде Денсаулық сақтау министрлігін сынға алып, қордың көптеген диагноздағы науқастарға көмектесіп келгенін айтқан.

Сондай-ақ оқыңыз