Солтүстік Корея әскері Курскіден қайтып кетті – New York Times

Жарияланды
Фото: «БИЗНЕС Online»

Ресейдің Курск облысында Укрианаға қарсы соғысқан Солтүстік Корея әскері майдан шебінен көрінбей кеткен. New York Times олардың еліне қайтарылғаны туралы жазды.

NYT дереккөздерінің мәліметінше, КХДР әскері соңғы екі аптада ұрыс даласынан байқалмаған.

Басылым Солтүстік Корея Украинамен соғысқа өзінің ең үздік әскерін жібергенін жазады. 2024 жылдың қарашасында Ресейге шамамен 11 мың солтүстіккореялық сарбаз келген. Украина мен Батыс бұл қадам соғысты жаңа деңгейге шығаруы мүмкін деп қауіптенген.

«Алайда небәрі үш ай ішінде солтүстіккореялық әскер саны екі есе азайған», деп мәлімдеді Украина ҚК бас қолбасшысы Александр Сырский.

Ресей билігі Солтүстік Корея әскері Украинаға қарсы соғысып жатқанын ақпаратты ресми түрде мойындамаған. Бірақ Солтүстік Корея сарбаздарының ауыр шығынға ұшырағаны туралы түрлі хабарламалар тараған.

Бұған дейін, Reuters Трамптың санкция туралы ескертуінен кейін, Путин Ресей экономикасына шындап алаңдай бастағанын жазған.

Сондай-ақ оқыңыз