НАТО әскери әлеуетін Арктикаға дейін кеңейтпекші. Альянс Трампқа арнайы ұсыныс әзірлеп жатыр
НАТО әскери әлеуетін Арктикаға дейін кеңейтпекші. Әскери альянс АҚШ президенті Дональд Трампқа осындай ұсыныс жасауды жоспарлап отырғаны жайлы DPA агенттігі хабарлады.
«НАТО АҚШ президентіне альянстың Арктикадағы әскери қатысуын айтарлықтай кеңейтуді ұсынуды жоспарлап отыр», – деп хабарлайды басылым.
Басылым мәліметінше, НАТО АҚШ президенті Дональд Трампқа Гренландиядағы АҚШ-тың әскери қатысуын кеңейту мүмкіндігін ұсынып, аралдың мәртебесі туралы пікірталастарды шешуге тырысып отыр. Бұл бастама әзірге бейресми келіссөздер аясында талқыланып жатыр. Десе де бұл ұсыныс Трамптың Гренландияға қатысты үмітін жоққа шығаруы мүмкін.
Ал Альянстың Арктикадағы қатысуын кеңейту, соның ішінде аймаққа американдықтарды жіберу арқылы АҚШ-тың аймақтық қауіпсіздік мүдделерін қорғауға мүмкіндік бермек.
Айта кетейік АҚШ президенттігіне келген Дональд Трамп Гренландия аралы мен Панама каналына көз тігіп, екі аймақты күшпен басып алуға дайын екенін мәлімдеді. Трамп Гренландия мен Панаманың экономикалық қауіпсіздік үшін қажет екенін айтты.